Отбасымен бірге дауыс берді
Сайрам ауданының №587 сайлау учаскесінде таңғы сағаттардан бастап сайлаушылар белсенділік танытуда.
Осы учаскеде Құтарыс ауылының тұрғыны Тұрлыбеков Анарбек отбасымен бірге келіп, жаңа аудан әкімін сайлау науқанында өз таңдауын жасады.
Тұрлыбеков Анарбек сайлаушыларға сәттілік тілеп, әрбір азаматтың ел болашағы үшін саналы әрі белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.
Сайлау учаскесі жоғары деңгейде ұйымдастырылған, санитарлық талаптар мен қауіпсіздік шаралары толық сақталуда. Комиссия мүшелері сайлау процесінің әділ әрі ашық өтуіне барлық жағдайды жасауда.
Тұрлыбеков Анарбектің үлгісімен басқа да тұрғындар дауыс беруге асығып, саяси науқанның маңыздылығын сезініп отыр.