Барлық сайлау учаскелерінде алғашқы дауыс берушілерге арнайы сыйлықтар берілуде

Oinet.kz 05-10-2025 40

Аудан әкімін сайлау науқанында сайлау учаскелеріне келіп жатқан дауыс берушілердің белсенділігі көңіл қуантады. 

1000485718.jpg

Сондай-ақ, сайлаушылардың белсенділігін одан әрі арттыру мақсатында сайлаушыларға естелік сыйлықтар қарастырылған. 

Мәселен, қазіргі таңда учаскелерге келіп,һ алғашқылардың бірі болып дауыс берген азаматтарға естелік ретінде сый-сияпаттар табысталып жатыр.

№527 сайлау учаскесінде алғаш болып Сайрам ауданындағы Таулы Қарабақ ұрыс қимылдары ардагері Батаев Бақтияр дауыс берді.

– Бүгін аудан үшін маңызды күн. Әр сайлауда тұрғындар белсенділік жасап, өз таңдауын жасаса құба-құп. Мен де өз таңдауымды жасап, дауысымды бердім, – деді ардагер.

5 қазан Сайрам ауданының әкімін сайлауда №589 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып Ізбасаров Сапархан келіп өз таңдауын жасап, сыйлыққа ие болды. «Әрбір азаматтың дауыс беруі-елдің ертеңіне қосқан үлесі» - дейді, Сапархан мырза.

Әлеуметтік такси қызметі ұйымдастырылған
Отбасымен бірге дауыс берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу