«Алтын тұмар» КМҚК мемлекеттік сатып алуда талаптарды бұзған

Oinet.kz 01-10-2025 25

2025 жылдың шілде айында Түркістан облысы білім басқармасының Арыс қаласы білім бөлімінің «Алтын тұмар» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бағалық ұсыныстарға сұраным тәсілімен мемлекеттік сатып алу жариялаған. 

Осыған байланысты Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті камералдық бақылау жүргізді.

Бақылау барысында сатып алу техникалық ерекшелігінде ұлттық немесе мемлекетаралық стандарттардың көрсетілмегені анықталды. Бұл – мемлекеттік сатып алу тәртібінің талаптарына қайшы болып табылады. Мұндай стандарттардың болмауы тауар сапасына әсер етіп, әлеуетті өнім берушілер арасында түсініспеушілік туындатуы мүмкін.

Анықталған бұзушылықтар негізінде департамент тарапынан кәсіпорынға ресми хабарлама жолданып, мемлекеттік сатып алу құжаттамасын заң талаптарына сәйкестендіру тапсырылды. Бүгінгі таңда барлық ескертулер толықтай орындалып, құжаттар тиісті деңгейде реттелді.

Бұл жағдай мемлекеттік сатып алу рәсімдерінде стандарттар мен сапа талаптарын нақты көрсету қажеттігін айқын көрсетеді.

КГКП «Алтын тұмар» нарушил требования при проведении госзакупки
КГКП «Жарық-жол» допустило нарушение требований при проведении госзакупки
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу