Камералдық бақылау нәтижесінде «Жарық-жол» КММ-да заңбұзушылық анықталды

Oinet.kz 01-10-2025 25

2025 жылдың шілде айында Төлеби аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Жарық-жол» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алуды портал арқылы жариялаған болатын. 

Аталған сатып алуға байланысты Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті камералдық бақылау жүргізді.

Бақылау барысында техникалық ерекшелікте тауарға қойылатын нақты талаптар мен стандарттар көрсетілмегені анықталды. Бұл жағдай әлеуетті өнім берушілер үшін түсініксіздік тудыруы және өнім сапасына қатысты мәселелерге себеп болуы мүмкін.

Анықталған кемшіліктерге байланысты департамент тарапынан мекемеге ресми ескерту жолданып, сатып алу құжаттамасын тиісті талаптарға сәйкестендіру тапсырылды. Қазіргі таңда барлық ескертулер толық орындалып, құжаттар ретке келтірілді.

Бұл жағдай мемлекеттік сатып алуда нақты стандарттар мен талаптарды көрсету маңызды екенін көрсетіп отыр.

​В результате камерального контроля в КГКП «Жарық-жол» выявлены нарушения
КГКП «Алтын тұмар» нарушил требования при проведении госзакупки
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу