Көлік жүргізу мәдениетін қоғам болып қалыптастыру қажет
Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында ТҮркістан облысы Қазығұрт аудандық полиция бөлімінде «Қауіпсіз жол» жедел‑профилактикалық іс‑шарасы өтіп жатыр. Бұл іс‑шараға аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Алмас Серікбаев та белсенді түрде қатысып, қызметкерлермен бірге рейдке шықты. Олар жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құқық бұзушылық фактілерін анықтауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырды.
Іс‑шара шеңберінде полиция көлік жүргізушілері тарапынан ауыр құқықбұзушылықтарға жол беру жағдайларын бақылайды: жаяу жүргіншілерге жол бермеу, қарсы бағытқа шығу, маневр жасау, қауіпсіздік белдігін тағу, жылдамдық шегін асыру және басқа да жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері. Әсіресе, жаяу жүргіншілерге қарсы өрескел әрекеттер мен жол қиылыстарында қате жүріс жасау – жол апаттарының себебіне айналатын ортақ тақырып. Бұл бағыттағы алдын алу мен рейдтік бақылау шаралары үздіксіз жүргізілуде.
Полицейлер жүргізушілерді жол жүрісі ережелерін ұстануға шақыра отырып, абай болуға ескерту жасайды. Қазығұрт аудандық полициясы:
«Жолда жүру барысында жол жүру ережелерін қатаң сақтап, абай болуға шақырамыз!»
— деп тұрғындарға үндеу таратуда.
Бұл – жай сөз ғана емес, көшеде, жолда, әрбір сәтте өзін-өзі қадағалап, жол қозғалысының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау қажеттігін білдіретін үндеу.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттағы маңызды міндеттердің бірі. Мемлекет басшысы Қасым‑Жомарт Тоқаев жол қауіпсіздігі мәселесіне ерекше назар аударады. Оның 2025 жылғы Жолдауында:
«Халықтың өмірі мен денсаулығына тікелей әсер ететін тағы бір түйткіл, бұл – жол қауіпсіздігі. … Әрбір адам өз өміріне және айналасындағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапты екенін сезінуге тиіс. Көлік жүргізу мәдениетін бүкіл қоғам болып қалыптастыру қажет.»
Сонымен бірге, электросамокат мәселесін де атап өтіп, осы бағыттағы қауіптің алдын алу қажеттігін білдірді.
Жалпы елде «Қауіпсіз жол» іс‑шарасы кең көлемде жүргізілуде. Мысалы, республика бойынша 9,5 мыңға жуық полицей мен басқа да мемлекеттік органдар қызметкерлері осы акцияға тартылып, 246 Әкімшілік тұрғыдан тиісті шаралар — айыппұл, көлікті айыптұраққа қою, жүргізушілерге ескерту — қолданылады.
Осылайша, Қазығұрт ауданында өткен осы іс‑шара — жолдағы тәртіпті күшейтуге, құқық бұзушылыққа төзбеушілік қағидатын бекітуге бағытталған нақты қадам. Қоғам мен мемлекет арасындағы сенімнің нығаюы мұндай белсенді профилактикалық жұмыстар арқылы ғана мүмкін болмақ.