Құқықтық қоғам құру – ортақ міндет

Oinet.kz 26-06-2025 28

9.jpg

 "Қаржылық қауіпсіздік күніне" орай Шардара ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері тарапынан "Заң мен Тәртіп" қағидаты аясында интернет алаяқтықтың алдын алу бағытында кең көлемді түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл туалы Түркістан облыстық Полиция департаменті хабарлады.

 Іс-шара барысында азаматтарға заманауи алаяқтық түрлері, олардың белгілері және олардан қорғану жолдары жөнінде толық ақпарат берілді. Халыққа алаяқтар жиі қолданатын әдістер – фишингтік сайттар, жалған банк қызметкерлері, онлайн саудадағы жалған аккаунттар, жалған инвестициялар мен "жеңіл жолмен пайда табу" схемалары туралы мысалдармен нақты түсіндірілді.

 Бұл түсіндірме жұмыстары халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, алаяқтыққа қарсы төзімділігін күшейтуге бағытталған. Сонымен қатар, азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары да кеңінен қамтылды.

Қаржылық қауіпсіздікті сақтау бойынша ұсыныстар:

 Жеке деректерді жарияламау: Банк картасының нөмірі, CVV-код, SMS арқылы келетін құпия кодтар мен жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) бөгде адамдарға бермеу қажет.
 Банк өкілі болып хабарласқан адамға сенбеу: Нағыз банк қызметкерлері ешқашан жеке деректерді телефон арқылы сұрамайды.
 Қаржылық пирамидалардан аулақ болу: Жылдам әрі оңай пайда табуға уәде ететін, нақты лицензиясы жоқ ұйымдарға қаржы салу – үлкен қауіп.
 Интернет арқылы төлем жасағанда абай болу: Тек сенімді, қорғалған сайттарды пайдалану және белгісіз интернет-дүкендерден сақ болу.
 Қаржылық шешім қабылдамас бұрын кеңесу: Күмән тудыратын ұсыныстар бойынша банк, құқық қорғау органы немесе қаржылық кеңесшіден кеңес алу.

 Қаржылық қауіпсіздік – бұл әрбір азаматтың жеке жауапкершілігі мен күнделікті қырағылығының нәтижесі. Жеке қаражатты қорғау тек банк жүйесіне ғана емес, әр азаматтың цифрлық мәдениетіне тікелей байланысты.

 Шардара ауданы полиция қызметкерлері алдағы уақытта да тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыра бермек. "Заң мен тәртіп" қағидатын кеңінен насихаттай отырып, құқықтық қоғам құру – ортақ міндет.


«Интернет алаяқтықтан сақ болыңыз!»
Жол ережесін елемейтіндерге ескерту жасалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу