Түркістан: Инвестордың құқығы қорғалды

Oinet.kz 30-05-2025 36

14.jpg 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес прокурорлар инвестициялық жобаларды сүймелдеп, олардың қорғалуын қамтамасыз етіп келеді.

Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Прокурорлық сүзгі» жобасы аясында Түркістан облысының Экология департаменті тарапынан «Қазақстандық-француздық «КАТКО» Бірлескен кәсіпорны» ЖШС-не ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабы 8-тармағымен 70 млн тенге көлемінде салынған әкімшілік айыппұлдың мөлшері дұрыс есептелмегендігін анықтады. Бұл туралы Түркістан облыстық прокуратурасы хабарлады.

Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесінде әкімшілік айыппұл сомасы 18 млн тенгеге дейін азайтуға қолжеткізіліп, нәтижесінде инвестордың құқығы қорғалды.

Кемшіліктің орын алуына жол берген Түркістан облысы бойынша Бас мемлекеттік инспекторға тәртіптік шараға тартылды.

Жалпы, прокурорлар инвестициялық ортаны жақсартуға, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге жұмыс жасауда.


Түркістан: Қоқыс полигондарының талапқа сәйкестігі тексерілді
Заңды бірге сақтайық-болашақты бірге қорғайық!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу