«Мектепке жол»: Акция аясында қайырымдылық шарасы өтті

Oinet.kz 31-08-2024 63

32.jpg 

Түркістан облысы Келес ауданында «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық шарасы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Даурен Сариев қатысып, оқушыларға арнайы дайындалған сыйлықтарды табыстады. Жалпы қайырымдылық акциясы аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға көмек көрсету мақсатында қолға алынған.

Айта кетсек, аудандағы қайырымдылық шаралары жергілікті демеушілер мен әлеуметтік серіктестердің қолдауымен өткізіліп жатыр. Сонымен қатар, биыл аудандағы шалғай ауылдар үшін мектеп оқу-құралдарын төмендетілген бағамен сату мақсатында автодүкен қызметі ұйымдастырылуда.

Жетісай ауданында «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында 100 оқушыға оқу құралдары табысталды. Шараға аудан әкімі Серік Мамытов, аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров қатысып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

Жалпы шара - аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде әлеуметтік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған. Айта кетейік, «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы 2024 жылғы 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында өткізіледі.


«Өнерлі өлке»: Сауран ауданының мәдениет күндері басталды
«Ата Заңым—Айбарым»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу