Сайрам: Сан емес, сапа маңызды

Oinet.kz 15-08-2024 82

 crop.jpg

Түркістан облысы Сайрам ауданы әкімі аппаратының басшысы Айбек Ақылбекұлының төрағалығымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тиісті деңгейде орындалуы және мерзімдерін бұзу фактілерін болдырмау жөнінде жиын өтті. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Басқосу барысында тиісті бөлім басшыларының аудан көлемінде атқарылған мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы баяндамалары тыңдалды. Атап айтқанда, аудан әкімдігіне қарасты аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың сақталуы және аудан әкімінің тиісті бөлімдері, ауылдық округ әкімі аппараттары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ететін іс-шаралар жоспарының орындалу барысы, аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімі бойынша «Мобильді халыққа қызмет көрсету» жоспарының аудан аумағындағы елдімекен тұрғындарына түсіндіру, ақпараттандыру жұмысының деңгейі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың сақталуы туралы мәселелер кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мемлекеттік қызметшілердің жұмысының тиімділігін айқындайтын басты көрсеткіші екенін атап, бірқатар өзекті мәселелерге де тоқталып өтті.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі аппаратының басшысы тиісті тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі қолжетімді және уақытылы көрсетудің маңыздылығына тоқталып, бұл бағыттағы жұмыстармен жүйелі айналысуды тапсырды.


Сайрам: Жәрмеңкеде мүгедектерге бос жұмыс орындары ұсынылды
Сайрам: Бюджет түсімін ұлғайту мәселесі талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу