«Жалынды жастар – ел қазынасы»
Түркістан облысы Төлеби аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң ұйымдастыруымен Халықаралық жастар күніне орай «Жалынды жастар – ел қазынасы» атты волейболдан облыстық турнир өтті. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Жастарды спортқа баулу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, облыс жастарын ішімдікке, темекі шегуге, нашақорлыққа қарсы үгіттеу, достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған шараға облыстың 17 аймағынан келген командалар өзара бақ сынады. Ауқымды шараның ашылу салтанатында сөз алған Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі басшысының орынбасары Пердебек Есқұлов жастарды мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Турнирде өзара бақ сынасқан командалар арасындағы бәсеке қызықты әрі тартысты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Бәйдібек ауданының командасы жүлделі 1-орынды иеленіп, 100 000 теңгені қанжығасына байлады. Ал, екінші орын қазығұрттық волейболшыларға бұйырып, 70 000 теңгенің иесі атанды. Үздік үштікті саурандық спортшылар түйіндеп, 50 000 теңгеге ие болды.