Мақсат—ауыл жастарының достық қарым-қатынасын нығайту

Oinet.kz 10-08-2024 101

2.jpg 

Түркістан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің қолдауымен, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен 12 тамыз - Халықаралық жастар күніне орай «Спорт біздің сенімді серігіміз» атты жастар арасында кіші футболдан облыстық сайыс өтті. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Турнирдің мақсаты - жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ауыл жастарының достық қарым-қатынасын нығайту.

Турнирге жалпы өңірдегі аудан-қалалардан 12 команда қатысты. Жарысқа қатысқан командалар 3 топқа бөлініп, жасыл алаңда өз шеберліктерін байқатты. Топтық кезеңде үздік нәтижеге қол жеткізген командалар турнирдің жартылай финал және финалдық кезеңдерінде өзара мықтыны анықтады.

Жастар арасында спорттың футбол түрінен өткізілген облыстық турнирдің қатысушыларына Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң басшысы Ернар Бектаев сәттілік тілеп, алдағы уақытта өтетін спорттық шараларға да осылай белсенді қатысуға, әрдайым спортпен шұғылданып салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Сонымен қатар, барша өңір жастарын 12 тамыз - Халықаралық жастар күні мерекесімен құттықтап, турнирге қатысқан және жеңімпаз атанған командаларды арнайы алғыс хаттармен марапаттады. Турнир жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар, кубок, медальдар табысталды.

Жарыстың қорытындысы бойынша І-орын Төлеби ауданына, ІІ-орын Түлкібас ауданына, ІІІ-орын Жетісай ауданына бұйырды. Ал «Үздік қақпашы» - Құланұлы Асылхан (Төлеби ауданы), «Үздік ойыншы» - Дантай Ерік (Келес ауданы) атанды.


«Таза Қазақстан» жүйелі түрде жалғасуда
Түркістан агроөнеркәсіптен көш бастап тұр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу