Жетісайда ​«тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінде анықталған бұзушылықтар

Oinet.kz 14-06-2024 685

«Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінде анықталған бұзушылықтар.

Screenshot_14.jpg

«Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «Көлсай Строй» ЖШС-і арасында 08.04.2020 жылғы № 20 келісім шарт негізінде, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Мақталы ауылдық округі, Мақталы елді мекенінің ауыз су жүйелерінің құрылысы жұмыстары бойынша 35814,5 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда: 52 дана пожарный гидранттар орнатылмаған. Колодецтердің ішінде стремянкалар орнатылмаған және жанына отмосткалар құйылмаған. Жоба сметалық құжаттамада асфальт жолдарды қалпына келтіру жұмыстары қаралған болса, мердігер тарапынан жолдардан полиэтилендік құбырлары прокол тәсілімен өткізілген. Абоненттерге қойылатын колодецтердің орнына темір ящиктер орнатылған. Ал колодецтердің көлемдері орындалған жұмыс көлемі туралы ф№2 актіде толтырылған. 

Н.Копбосынов,

Бас маман мемлекеттік аудитор

Сарығашта «тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінде анықталған бұзушылықтар
«Ордабасы аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде анықталған бұзушылықтар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу