«Ордабасы аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде анықталған бұзушылықтар
«Ордабасы аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «РСУ-1» ЖШС-і арасында 23.02.2018 жылғы № 16 келісім шарт негізінде, ОҚО, Ордабасы ауданы, Қажымұқан ауыл округі, Темірлан елді мекені Самал-2,3 мөлтек ауданының инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысы жұмыстары бойынша 456091,3 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда: 15-көшеге қара тас (черный щебень) және ЩМА-15 асфальтобетонды қоспасы (щебеночно-мастичный асфальтобетонная смесь) төселмеген. № 2, 5, 7, 9, 10, 11, 12, 14 көшелерде тротуарлар мен жолдарға құм тас және асфальт төселмеген, немесе жұмыстары толығымен атқарылмаған.
15-көшелердің жанында көгалдандыру жұмыстары атқарылмаған. Пожарный гидрант қойылған колодецтердің жанына таблицалары орнатылмаған. Колодецтердің ішінде стремянкалар ортатылмаған, төбелеріне плиталар қойылмаған және люктары жабылмаған. 9 дана вантуз орнатылмаған. Жоба сметалық құжаттамада 6 дана трансформаторлық подстанция қаралған болса, оның біреуі ғана орнатылған, немесе бесеуі орнатылмаған (қарап тексеру актісі қоса тіркеледі).
Н.Копбосынов,
Бас маман мемлекеттік аудитор