Сайрам: Жаңа жұмыс орындарын ашу 86%-ға орындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орнын ашу» жөнінде берген тапсырмасына сәйкес, Сайрам ауданында биыл 2 171 жаңа жұмыс орнын ашу міндеттелген болатын. Қазіргі таңда ауданда 1 870 жұмыс орны ашылып, тапсырма 86%-ға орындалған. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Сонымен қатар, аудан аумағында 32 жобаны іске асыру барысында 302 жаңа орнын құру жоспарланған. Бүгінгі күнге, 27 жоба басталып 188 жұмыс орны ашылды. Бұдан бөлек, атаулы әлеуметтік көмек алушылар санатындағы 76 азаматқа «Ауыл аманаты» бағдарламасымен микрокредит беру жоспарланған. Атап айтқанда, Ақбұлақ ауылдық округіне - 3, Жібек-жолы ауылдық округіне – 56, Қайнарбұлақ ауылдық округіне - 7, Көлкент ауылдық округіне – 11, басқа ауылдық округтерге - 52 микрокредит беру көзделіп отыр.
Сондай-ақ, аудан бойынша 21- 35 жас аралығындағы 37 азаматқа өз кәсіптерін ашуға жылдық сыйақы мөлшері 2,5% пайыздық микрокредит беру жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на ауданның 48 тұрғынынан өтініш түсіп, олардың 10-на қаржы берілген.