Түркістанға келген туристердің саны көбейген

Oinet.kz 18-08-2023 253

21.jpg 

Түркістан қаласына  келушілер қатары күн сайын артып келеді. Жыл басынан бері «Әзірет-Сұлтан» қорық мұражайына келуші зияратшылар мен туристердің саны 461 657 адамға жетіп, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда едәуір артқан. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Бүгінде шаһарда туристерге барлық қолайлы жағдай жасалған. Қазіргі таңда туристер жайғасатын қонақ үйлер саны 56-ға жетсе, төсек-орын саны – 2 536-ға көбейген. Одан бөлек, жыл соңына дейін қалада 5 жұлдызды «Medina palace» қонақ үйі мен «Мұз айдыны» спорт кешені қолданысқа беріліп, туристерге арналған демалыс орны арта түспек. Ал облыс бойынша 225 орналастыру орындары оның ішінде қонақ үйлер, хостелдер, демалыс аймақтары, балалар лагерьлер және 68 санаториялық-курорттық ұйымдар жұмыс істейді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Түркістан - Қазақстанның ТОП-10 туризмді дамытудың негізгі туристік дестинацияның қатарына қосылған болатын. Бүгінде облыс аумағында 1 754 тарихи және мәдени ескерткіш бар.


Түркістан облысында көмір бағасы-18-24 мың теңге
Сайрам: Жаңа жұмыс орындарын ашу 86%-ға орындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу