Бәйдібек ауданында ірі кітапхана пайдалануға беріледі

Oinet.kz 20-07-2023 256

2.jpg

Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы Шаян ауылынан 100 мың кітап қорына арналған аудандық орталық кітапхананың құрылысы жүргізіліп, тамыз айының соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Бүгінде екі қабатты ғимараттың сыртқы қабатын қаптау мен ішкі бөлмелерін әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, кітапханада жеделсаты орнатылмақ. 

Аталған нысанға бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков арнайы барып, ғимараттың ішін аралап көрді. Сонымен қатар, құрылысты жүргізіп жатқан мердігер мекеменің басшысымен кездесіп, жоспарланған мерзімде аяқтауды тапсырды. 

Одан бөлек, аудан әкімі аудан орталығындағы асфальт бетон жамылғысын төсеуге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар көшелерді аралады. Жауапты бөлімге жұмысты барынша ширатып, орын алып жатқан кемшіліктерді қалпына келтіріп, сапалы атқаруды тапсырды. 

Биыл аудан орталығы Шаян ауылындағы 14 көше орташа жөндеуден өтеді. Қазіргі таңда бірқатар көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Жетісай газбен 50 пайыз қамтылған
Түркістан облысындағы эпидемиологиялық ахуал талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу