Жетісай газбен 50 пайыз қамтылған

Oinet.kz 20-07-2023 232

1.jpg

Елімізде 2021 жылы «Қуатты өңірлер ел дамуының драйвері Ұлттық жобасы қабылданған. Ұлттық жобаны іске асырудың мақсаты базалық қызметтерге халықтың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ көліктік байланысты қамтамасыз ету және елдің көліктік-транзиттік әлеуетін жоғарылату есебінен азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құру болып табылады. Осы мақсатта Түркістан облысы Жетісай ауданында бірқатар жобалар жүзеге асуда.

Бүгінгі таңда Жетісай ауданындағы 112 елдімекеннің 55-і табиғи газбен қамтылған.  Шалғайда орналасқан 7 елдімекенді қоспағанда аудандағы газбен қамту көрсеткіші 50 пайызға жетіп отыр. Ал қалған елдімекендерге көгілдір отын жеткізу жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. 

Осы орайда аудан әкімі жұмыс жоспарына сәйкес тұрғындарды табиғи отынмен қамту ісінде ауданда атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарының сапасы мен барысына бақылау жүргізді. Сондай-ақ, мердігерлермен тілдесіп, құрылыс материалдарының сапасын тексерді.

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бүгінде аудан әкімі Серік Мамытовтың тікелей бақылауымен жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайтын Жаңа ауыл, Достық ауылдық округтеріндегі елдімекендерге жеткізуші газ құбырын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Қызылқұм ауылдық округінің Қызылқұм, Ақтөбе елдімекендерін, Абай ауылдық округінің Отан, Бейбітшілік елдімекендерін, Ж.Ералиев ауылдық округінің Ғ.Мұратбаев елдімекенін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы мен республикалық бюджеттен жалпы 554 591 мың теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес атқарылып жатыр.

Одан бөлек, Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты Әбдіхалық, Мырзашөл, Атақоныс елдімекендерін газбен қамтуға республикалық бюджеттен 181 709 мың теңге бөлініп, мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сала мамандарының мәліметінше, жергілікті бюджеттен 2020-2022 жылдарға елдімекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 38 елдімекенге жобалау-сметалық құжаттарын рәсімдеуге 149,3 млн теңге бөлінген. Бұл ретте, 26 елдімекеннің жобалау-сметалық құжаттары толығымен әзірленіп, сараптама қорытындысы алынып, 23 елдімекеннің құрылысына қаржы бөлуге ұсынылған.


Түркістан қаласында 1310 бірыңғай байланыс орталығы ресми түрде іске қосылды
Бәйдібек ауданында ірі кітапхана пайдалануға беріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу