Сауран: Ағын су бойынша жұмыс тобы құрылды
Түркістан облысы Сауран ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың төрағалығымен ағын су мәселесі бойынша жиналыс болып өтті. Бұл туралы Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жиналысқа аудан әкімінің орынбасары С.Садибаев, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі және Шаға, Ескі Иқан ауылдық округінің шаруа қожалықтарының өкілдері мен фермерлері қатысты.
Жиналыста шаруалар егістікке ағын судың жетіспеушілігін алға тартып, осы бағытта тиісті жұмыстарды жүргізуді талап етіп, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Онда «Бөген су» қоймасына келетін ағын су «Түркістан магистраль» арқылы жалғап өтеді. Бүгінгі таңда «Бөген су» қоймасында 370 млн су кубты құрайды екен. Биылға жауын-шашынның азайып кету салдарынан атылмыш қоймаға келетін су көлемі толық жиналмаған. Сол себепті ағын су тапшылығы сезіліп отырғандығын айтты.
Жиын соңында шаруалар тарапынан бір мәмілеге келіп, ағын суды бақылауға алу мақсатында арнайы жұмысшы топ құрылып, жұмыс жасайтын болып келісілді.