«Ауыл –ел бесігі»: Отырарда 19,6 шақырым жол жөнделеді
Отырар ауданында жол жөндеу жұмыстары қарқын ала бастады. Бұл туралы Отырар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Аудан әкімі Сәкен Сұлтанхановтың ауыл округтерде өткен кездесулерінде тұрғындардың айтқан ұсыныс-пікірлері ескеріліп, соның негізінде ағымдағы жылы "Ауыл - ел бесігі" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде және жергілікті бюджет есебінен аймақтағы жалпы 39 көшеге ағымдағы және орта жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған болатын.
Бүгін Шәуілдір ауылындағы А.Маханбетов, С.Өтебеков көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары басталып кетті. Аталған жұмыстар аудан әкімдігі тарапынан бақылауға алынған.
2023 жылға республикалық бюджет есебінен ауыл – Ел бесігі бағдарламасы шеңберінде 19,6 шақырым ішкі көшелерге және жергілікті бюджет қаржысы есебінен ұзындығы – 24,3 шақырым көшеге орта және ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланып, нәтижесімен қанағаттанарлық дәрежедегі жолдардың ұзындығы 305,4 шақырым, яғни, 72%-ды құрайды деп күтілуде.