Сайрам: «Қызылсай» су қоймасының мәселесі қозғалды

Oinet.kz 18-07-2023 329

57.jpg

Түркістан облысы Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Қарамұрт ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алдымен ауылдық округінің әкімі М.Нажиев тарапынан ағымдағы екінші тоқсанында өткен кездесудің қорытындысы көпшілікке таныстырылды. 

Кейінгі кезекте бірнеше салаға қатысты маңызды мәселелер көтеріліп, шешу жолдары талқыланды. Айта кетелік, қарамұрттықтар елді мекен тұрғындарын газ және электр жарығымен тұрақты қамтамасыз ету, мектептің тозығы жетуіне байланысты жаңа ғимарат салу, балаларды ыстық тамақпен қамту, тұрғын үй құрылысы үшін жер кезегінде тұрған азаматтарға жер учаскелерін қарастыру секілді қажеттіліктерін жеткізді. 

Аталған ұсыныс-пікірлер тыңдалған соң, аудан басшысы және тиісті сала басшылары түсіндірмелерін берді. Атап айтқанда, жаңақұрылыс аумақтарындағы тұрғын үй құрылыстары үшін жоспарланған жер учаскелеріне инфрақұрылым жүйелері толық жүргізілмей, заң талаптарына сәйкес мұндай жер учаскелері халыққа таратылмауы тиіс. Келесі кезекте алдағы оқу жылында оқушыларға ыстық тамақ қаралған, осыған байланысты қазіргі таңда аудан бойынша қамтылатын нақты бала саны анықталуда. Коммуналдық жүйелерді ретке келтіру және сапасын жақсарту бағытында жұмыстар жалғастырылатын болады. Жергілікті тұтынушылар көгілдір отынды үзіліссіз жеткізе алатын «Қарамұрт газ» немесе өзге де газ шаруашылығымен айналысатын мекеменің бірін таңдап, қысқа дайындық мерзімінен кешіктірілмей, бір келісімге келу керектігі ескертілді. 

Кездесу соңында ақсақал ақ батасын берді. 

Басқосудан кейін, аудан басшысы ауылдық мәдениет үйінде тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қойылған сұрақтарға жауаптар ұсынылып, бақылауға алынды. Олардың ішінде Ш.Мирзалиев және Жамбыл көшелеріндегі ескі электр бағанарын ауыстыру, ауыл шаруашылығына арналған минералды көпкомпонентті тыңайтқыштарды өндіру бойынша жобаны қолдау үшін жер телімін бөлу, «ОҚО Сайрам ауданының Қарамұрт ауылдық округінде «Қызылсай» су қоймасын салу» жобасын қаржыландыру жөнінде өтініштер айтылды. 


Сайрам: Ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді
Арыстың әкімі тұрғындармен еркін форматта кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу