Төлеби ауданы: Ауылдағы түйткілді мәселелер шешімін табады

Oinet.kz 13-07-2023 201

52.jpg 

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың халықпен кездесуі жалғасуда. Бұл туралы аудан әкімі өзінің әлепуметтік желідегі парақшасында жазды. 

-Бекітілген кестеде көрсетілгендей, аудан тұрғындарымен кезекті кездесуім Қасқасу ауылдық округінде өтті. Кенесарық елді мекеніндегі Бекасыл Биболатұлы атындағы білім беру ошағында өткен басқасуда тұрғындарға 2023 жылдың 5 айының  қорытындысы мен жүзеге асатын жобалар, сәуір айында өткен кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар барысын таныстырдым.

Кездесуге белгіленген уақыттың төрттен бірден аспайтын бөлігі жүзеге асып жатқан жобаларды таныстыруға, қалған уақыты «сұрақ-жауап» форматына арналды. Жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру мақсатындағы жиында округ халқы өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өтініш, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

ІІ тоқсанда өткен кездесуде көтерілген мәселелер негізінде атқарылған жұмыстар барысы төмендегідей:

Кеңесарық елді мекеніндегі «Балауса» балабақшасының жылу қазандығын ауыстыру және тозығы жеткен еденді ретке келтіру бойынша облыстық білім басқармасына сметалық құжаттамасы әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды. Қаржыландырған жағдайда аталған жұмыстар жылыту маусымына дейін аяқталады.

Кеңесарық елді мекеніндегі «Бастаубас» бұлағына ауыл тұрғындары мен депутатардың қатысумен Ленгір су мекемесі тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізу барысында бұлақ басын қайта каптаждау қажет екені анықталған. Қазіргі таңда бұлақ басын каптаждауға сметалық құжаты әзірленуде. Алдағы болатын бюджеттік нақтылауға қаржыландыруға ұсынылатын болады. Қаржы қаралған жағдайда ағымдағы жылдың соңына дейін аталғам мәселе шешіледі.

КХ-35 автомобиль жолының бойына орнатылған түнгі жарық шамдары «Жарық жол» МКК-нің күтіп ұстауына өткізіліп, маусым айында іске қосылды.

Керегетас е/м Бейбітшілік көшесінің бойында орналасқан үш көпірге зерделеу жұмыстары жүргізіліп, қар, жаңбыры салдарынан су шайып кеткен жерлерін ретке келтіру бойынша жарамсыздық актісі әзірленді. Ендігі кезекте сметалық құжаты әзірленіп, 2024 жылдың бюджетін нақтылауға ұсыныс енгізілетін болады.

Жиын барысында тұрғындар тарапынан көтерілген түйткілді мәселелердің  шешудің нақты жоспары бекітіліп, ресми сайтқа жарияланады. Кейіннен,   тиісті сала басшыларымен, бірге, азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдадым. Айтылған ұсыныс пен қозғалған мәселе күн тәртібінен түспейтіндігін және көп қаражатты қажет ететін жұмыстар алдағы жылдардың еншісінде кезең-кезеңімен шешімін табатындығын айттым.


Сенаторлар Төлеби ауданында
Төлеби ауданы: Халықпен кездесу Қаратөбе округінде өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу