«Шымкент Қасқасу» тас жолы жөндеуден өтуде
«Шымкент-Қасқасу-Көксәйек-Шымкент» тас жолы жөндеуден өтіп жатыр. Бұл туралы Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
- Үшінші тоқсандағы төртінші кездесу Көксәйек ауылдық округінде өтті. Жиында ауданның әлеуметтік экономикалық дамуы көрсеткіштері мен ІІ тоқсанда өткен басқосуда тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша атқарырлған жұмыстар барысын баяндадым.
Ауылдық округ аумағындағы облыстық маңызы бар жолдар-22,4 шақырымды құраса, оның қанағаттанарлық жағдайы –89,7 %, жыл қорытындысымен – 95,0 % жететін болады. Елді мекеннің ішкі көшелерінің жарамдылығы жыл соңына дейін 91,2 % жетеді деп жоспарлануда. Қазіргі кезде «Шымкент-Қасқасу-Көксәйек-Шымкент»-36,0 шқ) жолын мердігер «АлемТрансЖол» ЖШС орта жөндеуден өткізуде. Бүгінге 0,663 ш.қ аяқжол салынып, түнгі жарық бағаналары орнатылып, асфальт салынуда. Жоба аясында асфальт салынып біткеннен кейін жол белгілері орнатылатын болады.
II тоқсанда кездесуде көтерілген мәселелердің орындалуы төмендегідей:
Қаратөбе және Көксәйек ауылдық округтері бойынша ұзындығы 46,1 шқ құрайтын диаметрі 250 мм топтастырылған полиэтилен құбыры 2014 жылы салынғандықтан тозу мерзімі өтпеген, ауыстыруды қажет етпейді. «Ленгір су» МКК тарапынан құбырдың су тежегіш қондырғыларында және бұрандамаларында тұрып қалған құм-тастар тазаланып, реттелді. Қазіргі кезде су тұрақты берілуде.
Бірнеше көше бойына жаңа электр бағаналарын орнатып жатқан мердігер мекеменің жауапсыздығынан жұмыстар уақытша тоқтатылған. «ПМК-7К» ЖШС тарапынан электр желісіне қосу үшін құрылғылар түгел болмауына байланысты Төлеби АЭЖ тарапынан қосуға мүмкіндік жоқ екенін хабарлауда. Аяқталмай қалған жұмыстар бойынша қалған қаржыға конкурстық өтінім берілді. Мердігер мекеме анықталмаған жағдайда жобаға түзету (корректировка) жұмыстарына жіберіліп, қаржыландырылған жағдайда жобамен 2024 жылдың шілде айында жұмыстар аяқталатын болады.
Тұрсынбай көшесі бойына жүргізіліп жатқан лоток құрылысы 2023 жылдың маусым айында толық аяқталды.
К.Өмірәлиев көшесіндегі элетр бағаналары мен желілері 2027 жылы «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің инвест бағдарламасы негізінде ауыстырылады. Апатты жағдайда тұрған 4 бағана 2024 жылы ауыстырылады.
Жер қатынастары бөлімі тарапынан Төлеби ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалардың жалға алынған жайылым жер телімдерін ауданның арнайы жер қорына қайтару жөнінде өткізілетін көшпелі мәжіліснін кестесіне сәйкес 07.06.2023 жылы Көксәйек ауылдық округ тұрғындарымен жұмысшы топ мүшелерімен бірге жиналыс ұйымдастырып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Көксәйек-Шымкент бағытындағы және ауыл арасындағы таксидің жол ақысының қымбаттағаны бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қоғамдық көлік жүргізу бойынша Төлеби автобус паркіне ұсыныс берілген, зерделеу барысында Көксәйек-Шымкент бағытында жүретін көліктің шығынын ақтамай тиімсіз болғандықтан, «Төлеби автобус паркі» бас тартты.
Кездесуде тұрғындар өздерін алаңдатқан ауыз су, жайылымдық жер, ағын су мәселесін сөз етіп, ойын алаңшасын орнатып, тозығы жеткен электр бағаналары мен трансформаторларды ауыстыруды өтінді. Округ халқының сауалдарына заңды түрде жеке-жеке жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастырдым. Көтерілген шешу жолдары аудан әкімінің ресми сайтына жарияланады,-деп жазған аудан басшысы.