Мәжіліс депутаттары-Бәйдібек ауданында
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков бүгін қоғамдық қабылдау өткізіп, Бәйдібек ауданы тұрғындарының өтініштерін тыңдады. Бұл туралы Бәйдібек ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қабылдауға аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Берік Тұрлыбеков, Түркістан облысы маслихат депутаты Ғабиден Қапалбаев, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Ақбала Құлымбет және аудандық бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын іске асыруды көздеген халық қалаулылары мен билік өкілдері 10 нан астам тұрғындардың мәселесін тыңдап, айтылған өтініштерді бақылауға алып, тиісті жұмыстар жүргізетінін айтты.
Атап айтар болсақ, Шыбыт ауылының тұрғындары 200 орындық жаңа мектеп ғимаратын салуға ықпал етуді сұранды. Қосымша елді мекенге медциналық тірек және ауыз су мәселелерін көтерді.
Нәтижесінде көтерілген өтініш бойынша, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков аталған өзекті деген мектеп, ауыз су мәселелерінің шешімін табуына көмек беретінін айтып өтті. Одан бөлек, Бәйдібек аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы құжатарын дайындауды тапсырды.
Сондай-ақ қабылдау барысында, ауданның тұрғын үй, жер мәселелері бойынша және қәзіргі уақыттағы орта буын қызметкерлерінің жалақысы жөніндегі өзекті деген мәселелер мен ауыл шаруашылығына қатысты ұсыныстар көтерілді. Айта кетейік, қабылдау барысында айтылған өтініштер ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты мен Бәйдібек ауданының әкімдігіне тікелей бақылауында болмақ.
Сонымен қатар Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібекұлы аудан орталығындағы 100 мың кітап қорына арналған кітапхана құрылысымен және күрделі жөндеуден өтіп жатқан Қапшағай су қоймасының жұмыс барысымен танысты.
Ал мұның алдында Бүгін Бәйдібек ауданына Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және Өңірлік даму комитетінің мүшесі Ерлан Әбдиев келді.
Мәжіліс депутаты бірінші кезекте Бөген ауылдық округінің орталығы Шалдар ауылында тұрғындармен кездесіп, парламентте атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісті. Бөген ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Заманхан Аманжолов округке қарасты өзекті мәселелерді көтеріп, өз ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда Арыс қаласы мен Бәйдібек ауданының арасындағы Екпінді елді мекендегі 7,2 га жерді ауданымызға қайта қайтарылуын сұрады.
Тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қойылған сұрақтар бойынша тиісті министрлікке депутаттық сауалдар жолданып, мәселелер көтерілетінін айтты.
ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Ерлан Әбдиевтің Бөген ауылдық округі тұрғындарымен өткен жиынды аудан әкімі аппаратының басшысы Алмасбек Нақыпбеков жүргізды.
Сонымен қатар депутат Ерлан Тұрсынбайұлы аудан орталығындағы Жастар сарайында «Бастау Бизнес» жобасына қатысып, мемлекеттен гран алып, өз кәсібін ашып жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлердің өнімдерімен танысты. Олармен тілдесіп, пікірлерін тыңдады. Жаңадан кәсіп ашамын деген азаматтарға мемлекеттен көптеген қолдаулар болып жатқандығына айтып, кәсіпкерлерге сәттілік тіледі.