Жол сапасы Дархан Сатыбалдының бақылауында

Oinet.kz 13-07-2023 367

30.jpg

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістандағы маңызы бар жолдардың құрылысын бақылап, жүргізіліп жатқан жұмыстарды тексерді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Аймақ басшысы, алдымен, облыстық маңызы бар КХ-59 «Түркістан-Қарнақ» автожолында болып, 21 шақырымды құрайтын жолға жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Жол жөндеу жұмыстары Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен 2022 жылдың мамыр айында басталған. Екі жолақты жолдың құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда. Қазіргі таңда 17,2 шақырым жолға ресайклерлеу, 15,5 шақырым жолға ірі түйіршікті және 13 шақырым жолға майда түйіршікті асфальт-бетонмен тегістеу қабатын салу жұмыстары жүргізіліп, жоспарланған 12 шақырым аяқжолдың 6,4 шақырымы салынды. 

– Жыл өткен сайын Түркістанда халық саны көбейеді. Сондықтан жолдарды осы мәселені ескеріп, арнайы жоспармен, стратегиямен салу керек. Қаланың экономикалық-әлеуметтік дамуына оң әсер ететін, көлік кептелісінің алдын алатын, көліктік-логистикалық әлеуетін арттыратын бастамаларды жүзеге асырған жөн. Өндірісті, туризмді дамытуда да сапалы жолдың маңызы зор, – деді Дархан Сатыбалды. 

Сонымен қатар Дархан Сатыбалды Түркістандағы Ә.Жангелдин көшесін реконструкциялау жұмыстарымен танысты. Ә.Жангелдин көшесі – төрт жолақты. Жалпықалалық магистралды жолдың ұзындығы 3,8 шақырымды құрайды. Құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Атқарылып жатқан жұмыстарды тексерген облыс басшысы мердігер мекеме басшыларына жұмысты белгіленген стандарттарға сай, сапалы атқаруды тапсырды. 


Сайрамда инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асуда
Жер қойнауын заңсыз пайдаланушылармен күрес күшейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу