Сайрамда инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асуда

Oinet.kz 11-07-2023 192

29.jpg

«Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін елді мекендердің барлық инфрақұрылым мәселесін шешу көзделіп отыр. Осы мақсатта Сайрам ауданында ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. 

Жуырда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданына барып, бірқатар нысандарды аралады. Ауданның даму барысын қадағалап, жергілікті басшыларға тапсырмалар берді. 

Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша,

халқы тығыз орналасқан Сайрамда инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Солардың бірі – «Ақсукент ауылындағы тазартқыш имараттарын қайта құру» жобасы. Бұл нысанның құрылысы барысында мердігер мекеме тарапынан ешкімнің келісімінсіз жобаға өзгерістер енгізілген. Бірқатар кемшілік анықталған. Бүгінгі таңда құзырлы органдар мердігермен тиісті жұмыс жүргізуде. Облыс әкімі аталған нысанның жұмысын реттеу, санитарлық талапты сақтау, тұрғындарға зияны тимейтіндей шешім қабылдау жөнінде тапсырмалар жүктеді. 

Облыс әкімі аудан орталығындағы саябақты аралап көріп, абаттандыру жұмыстарын күшейту бойынша тиісті міндеттер жүктеді. Алдағы уақытта «Неке сарайы» ғимаратын ыңғайластырып, «Белсенді ұзақ өмір орталығына» айналдыру көзделіп отыр. Саябақты дамыту жұмыстары да атқарылмақ. 

Сонымен бірге өңір басшысына ауданда жүзеге асырылатын жобалар таныстырылды. Қарасу ауылындағы көпқабатты тұрғын үйлердің жобасы және өзге де жоспарлар бойынша мағлұматтар берілді. 


Түркістан туризмді дамытуға ең қолайлы өңір
Жол сапасы Дархан Сатыбалдының бақылауында
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу