Түркістанда құрылыс қарқынды

Oinet.kz 05-07-2023 211

8.jpg 

Биыл Түркістан қаласында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен қала әкімдігі тарапынан инфрақұрылымды жақсарту, жаңа нысандар құрылысын сапалы аяқтау жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінде қаланың құрылысқа жауапты бөлімі 11 нысанда жұмыстар жүргізуді жоспарлаған. Жоспар аясында 3 әлеуметтік нысанның құрылысы, 4 абаттандыру және 4 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асуда. 

Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылы алғашқы кірпіші қаланған қалалық Мәдениет үйінің құрылысы бүгінде қарқынды жүруде. 500 орындықты көрермен залы бар нысанның жан-жағын абаттандыру да назардан тыс қалмаған. 9287 шаршы метр жеріне көгал егілген. 

Одан бөлек, М.Тұрсынов көшесіндегі стадионды реконструкциялау жұмысы қолға алынған. Нәтижесінде стадион 2050 көрерменге арналған орынмен, автотұрақпен, сапалы алаңмен қамтылмақ. 

Шаһардағы 32 гектар жерге инженерлік-инфрақұрылым жүйесі (кәріз, электр, ауыз су) салынуда. Атап айтқанда, 4132 метрге су құбыры, 3490 метр жерге кәріз құбыры, 8225 метрге созылған электр желісі тартылып жатыр. 

"Арман" тұрғын үй кешенінде 5 қабатты 44 тұрғын үй мен Яссы көшесінде (2,98 гектар) абаттандыру жұмыстары атқарылды.

Қазіргі таңда бөлім тарапынан 10 нысанға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Нәтижесінде орталықтағы 5 мектепті күрделі жөндеуден өткізу көзделген. 


Бәйдібек ауданында жол жөндеу жұмыстары басталды
Түркістан: Табиғатта демалушы туристердің саны көбейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу