Бәйдібек ауданында жол жөндеу жұмыстары басталды

Oinet.kz 05-07-2023 207

7.jpg

Елімізде тұрғындардың базалық қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды әрі көлік байланысын жақсарту және елдің транзиттік әлеуетін арттыру мақсатында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы іске асырылуда. Ұлттық жоба 2 бағыт бойынша жүзеге асырылып жатыр, олар: «Базалық қызметтерге тең қолжетімділік» және «Көліктік байланысты қамтамасыз ету».

Аталған жоба аясында Түркістан облысы Бәйдібек ауданының орталығы Шаян ауылындағы М.Әуезов көшесіне асфальт төсеу жұмыстары басталды. Бұл – елді мекендегі үлкен көшелердің бірі.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, жол сапасын тексеру барысында аудан әкімінің коммуналдық салаға жауапты орынбасары Бағдатбек Жанғазиев бірқатар сын-ескертпелер айтып, бөлім басшысына бақылауға алуды тапсырды. Мердігер мекеменің басшыларына асфальт төсеу барысында сапасына мән беруді ескертті. 

Жалпы М.Әуезов көшесінің бірқатар аумағының ені 3 метрге кеңейтіліп, жаңадан суағарлар орнатылған.

Бәйдібек ауданында өткен жылы жалпы ұзындығы 73,1 шақырым облыстық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында елдімекендердегі ішкі көшелердің 6,8 шақырым жолы жөнделді. Сонымен қатар, биыл аталған бағдарламамен 3 елдімекендегі ішкі көшелердің 19,6 шақырымы (18 көше) жөндеуден өтеді.


Кентаудың жылу орталығы қайта жаңғыртылады
Түркістанда құрылыс қарқынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу