52 жас бизнес-жоспарын қорғады

Oinet.kz 03-07-2023 596

50.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, биыл жастарға 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беру жөнінде шешім қабылданған болатын. 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, аталмыш несиеге құжат қабылдау Түркістан облысында наурыз айында басталды. Облыс көлемінде 594 жас аталған бағдарламаның игілігін көруі тиіс. Ол үшін Түркістан облысына арнайы мемлекет қаржысынан 2,9 млрд. теңге бөлінді. 

2023 жылдың 30 маусым күні шағын несие берудің комиссия отырысы өткізіліп, 62 жас өтінім тапсырған болса, соның ішінде 52 жас өз бизнес-жобасын қорғады.

Комиссия мүшелерінің мәлімдеуінше, жобалардың басым көпшілігі мал шаруашылығына бағытталып отыр. 

Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлы өз сөзінде жергілікті аумақтардың ерекшелігін негізге ала отырып, түрлі сала қамтылуы керектігін ескерткен болатын. Бұл ретте, ұсынылған бизнес жобалар арасында жаңа идеяларын қорғаған жастар саны артып келеді.


Түркістанға Мақтааралдан керуен келді
Сайрам: Өзекті мәселелерді шешу жолдары талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу