Дархан Сатыбалды жеке қабылдау өткізді

Oinet.kz 03-07-2023 417

43.jpg

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жеке қабылдау кестесіне сәйкес бірнеше тұрғынды өтініштері бойынша қабылдады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Онда бірқатар аудандардың тұрғындары аймақ басшысына көкейдегі сауалдарын айтып, жауап алды. Облыс әкімі мәселесін айтып келген түркістандықтарға нақты жауап беріп, жауапты сала басшыларына тапсырма берді. Қабылдауға басқарма басшылары, өтініш айта келген тұрғындар тұратын аудан, қала әкімдері де қатысты. 

– Тұрғындардың ұсыныстары әртүрлі. Заңға сәйкес зерделеніп, тиісті жұмыс жүргізіледі. Бірқатарын шешуге уақыт керек. Халықпен тікелей диалог орнату, өтініштері мен талап-тілектерін тыңдау бағытында жұмыстар жалғасады, – деді Дархан Сатыбалды. 

Тұрғындардың бірі Түркістан қаласынан Ерекше балалардың ата-аналар одағын ашу туралы ұсынысын айтты. Сондай-ақ қабылдауға жазылған келесі азаматтар өз кәсіптерін жандандыруға қол ұшын беруді сұрады. Тағы бірі жер телімін сұрады. 

Қабылдауға жазылған өзге де азаматтар әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерді көтеріп, заң аясында нақты жауаптар ала алды. Бірқатар мәселер бойынша жауапты басшыларға тапсырмалар жүктеліп, тапсырмалар бойынша хаттама толтырылды.


Грант арқылы тігін цехын ашты
Түркістан облысында 611 үкіметтік емес ұйым бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу