Грант арқылы тігін цехын ашты

Oinet.kz 02-07-2023 214

42.jpg

Бүгінде Сарыағаш ауданында шағын және орта бизнестің дамуына ерекше мән беріліп отыр. Соның ішінде мемлекеттік гранттар көптеген азаматтың кәсіп бастауына өз септігін тигізіп келеді. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

Аудандағы Жібек жолы ауылдық округінің тұрғыны М.Абельдинова биыл мемлекеттік грант алып, «Назипа ана» тігін цехын ашқан. Грант қаражатына тігін машиналарын, оларға қажетті қосалқы бөлшектерін алып, кәсібін бастап кетті. Бүгінде 3 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Қазіргі таңда ол тапсырыспен ұлттық нақышта безендірілген көрпе-жастықтар, қыз жасауларын және басқа да қажетті дүниелерді тігеді. Бұл құрылғылар тігіннің ең қиын түрін де орындайды. Сондай-ақ жаңадан келіп, тігіншіліктің қыр-сырын үйреніп, болашақта осында жұмыс істеуді көздеп отырған жас мамандарға да қолдау көрсетіліп жатыр.


Сайрам: Электр желілері жаңартылады
Дархан Сатыбалды жеке қабылдау өткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу