Өз кәсібін ашқандарға қолдау көп

Oinet.kz 02-07-2023 211

40.jpg

Сарыағаш қаласының орталығынан қазақтың ұлттық киімдерін тігу мектебі ашылды. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

Жеке кәсіпкер әрі тігін кәсібін игерген Ж.Сапарова заманауи үлгіде, қазақи нақышта әйелдерге арналған киімдер тігіп, өз кәсібін брендке айналдырып жатыр.

Осы орайда, аудан әкімі Арман Абдуллаев аталған тігін мектебінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

- Бүгінде аудан тұрғындары түрлі кәсіп көзін тауып, ел экономикасына өз үлестерін қосып жатыр. Ондай азаматтарға көмек-қолдаулар жасауға біз қашанда дайынбыз. Жеке кәсібін ашып қана қоймай, халық үшін, мемлекет үшін өзінің кәсібін дөңгелететін және шәкірт тәрбиелейтін азаматтарымыз көбейсе, еліміз одан әрі қарыштап дами бермек, - деген аудан әкімі жеке кәсіпкердің бастаған кәсібіне сәттілік тіледі.

Айта кетсек, тігін мектебі 15-ке жуық кәсіби тігін машиналарымен жабдықталған және тігін ісін үйренемін деген әрбір оқушыға толық жағдай жасалған.


«Тарифті инвестицияға айырбастау» саясаты жүзеге асуда
Сайрам: Электр желілері жаңартылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу