Сайрамда каналдар бетондалады
Түркістан облысы Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитұлы аппараттық мәжіліс өткізіп, онда 3 мәселе қаралды. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Күн тәртібіне сәйкес, Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының «Ветеринариялық қызметі» ШЖҚ МКК-нің Сайрам ауданы филиалының басшысы Б.Абдихаев және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін уақытша атқарушы Р.Дүйсенбаев тарапынан аудандағы ветеринария саласындағы жағдай және өзекті мәселелері бойынша баяндады.
Мүйізді ірі қара мал мен уақ мал бастарына құтыру, сібір жарасы, аусыл, лептоспироз секілді бірнеше ауруларға қарсы жүргізілген тексеру, егу шараларына жеке тоқталды. Аудан бойынша ағымдағы жылы көктемгі энзоотиялық ауруларға қарсы іс-шаралар бойынша бүркуге жататын 321 481 бас ірі мал толығымен бүркуден өтті. 199 887 бас ұсақ мал тоғытылып, сонымен қоса аудан бойынша 24927 тұрғын үй ауласында ауылшаруашылығы жануарлары тұратын 4 609 600 ш.м. қора-жайлар мен 2 1661 08 ш.м. мал иірімдері мен суаттарға залалсыздандырылды.
Жергілікті тұрғындарын тарапынан «TURKISTAN-109» облыстық бірыңғай байланыс орталығына берген өтініштеріне сәйкес, 2023 жылдың I жартыжылдығында 410 өтініш түсіп, елді мекендерде 1037 бас қаңғыбас иттер және 3 бас мысық ауланып, жойылды.
Бүгінгі таңда 29 937 басы ірі қара мал төлі, 29 774 бас уақ мал төлі, бірдейленіп, 16 534 бас жылқы таңбаланып, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ақпараттық жүйесіне енгізілді.
Аудан бойынша арнайы салынған мал өлекселерін тастайтын 8 дана «Беккари» шұңқырлары бар. Сонымен қатар, ауданда 5 ауылдық округте 6 қажетті уақ мал тоғыту орындары бар.
Сайрам ауданы бойынша АШЖБ (ИСЖ) дерекқор базасында мал саны 206 799 бас МІҚ мал, 175 900 бас уақ мал, 80 050 бас жылқы, 46 бас түйе, 119 бас шошқа тіркелген. Қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған Қарабұлақ ауылдық округіне қарасты «Karabulak jana mal bazar» және «Нур Қарабұлақ» мал базарлары бар.
Аудан көлемінде «Мал ұрлығына тосқауыл» бойынша аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, рейдтік іс-шара тұрақты өткізілуде.
Ветеринария саласында өзекті мәселелердің ішінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап, жою және мал өлексесін тастайтын «Беккари» шұңқырларының толуына байланысты, барлық ауыл округінен мал өлексесін тастайтын орын салу қажеттілігі туындап отырғанын жеткізді.
Келесі кезекте «Ақсу» МКК-нің басшысы Ә.Қалмұратов аудан аумағындағы егістік алқаптарды тұрақты ағын сумен қамтамасыз ету туралы мәлімет берді. Басшының мәліметінше, аудан аумағын ағын сумен барлығы 53 канал қамтамасыз етеді. Бұл каналдардың 47-і Сайрам ауданының коммуналдық меншігінде, бұдан бөлек 6-ы жеке меншікте болып табылады. Суармалы жер көлемі 18500 гектарды құрайды.
Судың табиғи шығынын азайту мақсатында 27 аса маңызды магистральды және шаруашылықаралық жер каналдардың құжаттары бетондау жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен қаржы қарастыруға облыстық салалық басқармаға ұсынылған. Олардың ішінде биылғы жылға ЖСҚ-ы дайындауға Ақбұлақ ауыл округінен «Аламан», Жібек жолы ауыл округінен «Төменгі Аққала», Көлкент ауыл округінен «Теспе» каналы, «Қайнарбұлақ ауыл округінен «Әсіл», «Бауарық», Манкент ауылдық округінен «Сай», «Жоғарғы Аққала» каналдары іріктеліп, алынды. Бұдан бөлек, «Ақбай-Қарасу» каналына жобалық-сметалық құжаттары дайындалды. Қаржы бөлінген соң, бетондау жұмыстары басталады. Өз кезегінде аудандағы мемлекет меншігіндегі каналдардың 305 шақырымы жер каналдары болған соң, осы каналдардағы табиғи су шығыны 50 пайызға жетіп отырғаны анықталған. Осы мәселені шешу үшін каналдарды бетондау, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің балансында тұрған каналдарды механикалық тазалауға алған техниканы ағымдағы жөндеуден өткізуге қаржы қарастыруға ықпал етуін сұранды.
Ауданда санитарлық тазалық сақтау және сенбіліктің қорытындысын аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Бейсембаев мәлімдеді.
Жұмыс барысында көше бойлары мен аяқжолдары ретке келтіріліп, арықтарымен ирригация жүйелері қоқыстардан тазаланып, көше бойындағы арам шөптер орылды. Бөлім қызметкерлері тарапынан ауылдық округі аумақтарының санитарлық тазалық жағдайын зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу барысында барлық ауылдық округі аумақтарында бей-берекетсіз қоқыстанып жатқан орындар анықталды. 7 округте 38 қоқыс орны анықталғанын атап өтті.
Мәжілісте тиісті сала басшыларының атқарған жұмыстары мен өзекті мәселелері талқыланған соң, бюджетке қатысты мәселелер талқыланды.
Аудан басшысы салаларда кемшіліктерге жол берілмеуін, тапсырмалардың уақтылы орындалуын бақылауға алуды аудан әкімінің орынбасарлары және аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық, ақпараттандыру және мемлекеттік көрсетілетін қызмет мониторингі бөлімінің басшысы Е.Керімбековке тапсырды.