«Ауыл –Ел бесігі»: Сайрамда ауыз су жүйесі жөнделеді

Oinet.kz 22-06-2023 434

58.jpg

Түркістан облысы Сайрам ауданының әкімі А.Сәбитов Жібек жолы ауылдық округінде болып, өзекті болып отырған ауыз су мәселесімен танысты. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Аралауға аудан әкімінің орынбасары Б.Хасанов, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Бейсембаев, «Сайрам тазалық» ЖШС-нің директоры Қ.Бегалиев, ауылдық округінің әкімі А.Тұраров, ауыл билері және тұрғындары қатысты. 

Ауыз су жүйесіне бөлім мен қызмет көрсетіп отырған «Сайрам тазалық» ЖШС-і тарапынан сараптама жұмыстары жасалған. Жібек жолы және Сиқым елді мекендерін тұрақты ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Машат елді мекеніне ауыз су жүйелері аудандық бюджеттен 22 млн. теңгеге Түлкібас ауданы Шыбынды ашық бұлақ көздерінен 3 шқ ауыз су жүйелері тартылып, іске қосылды. Жібек жолы ауылына 2022 жылы 5,475 теңге қаралып, жобалық-сметалық құжаттары жасалып, сараптамадан өтті. 

Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсы өткізіліп, жеңімпаз анықталған. Жібек жолы ауылының ауыз су жүйесінің тозығы жеткен құбырларын ауыстыруға «Ауыл - Ел бесігі» жобасымен жөндеу жұмыстарына 2023 жылға 100,0 млн.теңге қаржы қаралды.

Алдағы уақытта күрделі жөндеу жұмыстарының басталуы жоспарлануда. 

Бүгінгі таңда Сиқым ауылына «Сайрам тазалық» ЖШС-і тарапынан берілген қосымша 50 тонна су мұнарасын орнатуды, сонымен қатар Манкент ауылдық округінің Қарауыл төбедегі су мұнарасынан ауылдық округіне ауыз су құбырын тартуға зерделеу жұмыстарын қажет ететіні туралы түсіндірілді. 

Мұнан кейін, жергілікті белсенділер жыл сайын жаз айында елді мекендеріне су жеткізілмейтіні туралы шағымын білдірді. Машат ауылындағы «Нұршах» демалыс орны секілді жекеменшік нысандар ауыз су құбырына өз құбырларын жалғап, су жүйесіне заңсыз қосылғанын айтты. 

Басшылар Машаттың жоғарғы бөлігіндегі орнатылған су құбырларына барып, анықталған жағдай бойынша шұғыл тіркеуге алынып, заң аясында шара қабылданатыны айтылды. 

Аралау барысында Батыс Қытай - Батыс Еуропа тас жолына бейнебақылау және мал өткелін тоқтату мәселелері көтерілді. Аталған аумақта интернет желісінің болмауына байланысты, камера орнату мүмкіншілігі болмай отырған себебі жеткізілді. 

Аудан әкімі интернет желісімен қамтамасыз ету, мал өткелін тоқтату бойынша тиісті жұмыстарды атқару, сала басшыларына ауыл аумағында заңсыз жалғанған ауыз су құбырларын кесу, заңсыз су пайдаланушы иелерін заң аясында жауапкершілікке тарту мәселелерін тапсырды. Сондай-ақ, ауыз су жүйесін толық зерделеп, тиімді шешу жолдарын қарастыру керектігін ескертті. 


Сайрам: Инфрақұрылым тарту кезең-кезеңімен жүргізіледі
Сайрамда каналдар бетондалады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу