Мақтаарал: Ағын су мәселесі пысықталды
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Еңбекші ауылдық округі Т.Жайлыбаев елдімекенінде орналасқан "Достық" магистралды каналының 73 пикетінде басында ағын су қауымдастықтарының басшыларымен кездесу өткізді. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жиынға магистралды каналдың басшысы А.Жанботаев, "Қазсушар" РМК бөлімшесінің бастығы С.Тойтанов, ауыл шаруашылығы саласына жауапты мамандар және су таратыушы ауыл шаруашылығы өндірістік кооператив басшылары қатысты.
Кездесу барысында аудан басшысы алдағы жазғы маусымда ағын судың тапшы болатандығын назарларына жеткізе отырып, мейлінше қолда бар суды үнемді пайдалану керектігін түсіндірді. Сонымен қатар, кооператив басшыларына су беріп отырған барлық канал-қашыртқыларды ішкі жүйесімен бергелікте тазалу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Бүгінгі таңда аудан аумағында ерте еккен бақша және күріш дақылдарын суғару жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Ағымдағы жылдың маусым айының соңында ашық қауындарды суғару жұмыстары басталатын болса, шілде айының басында мақта дақылдарын суғару жұмыстары жүргізілетін болады.