Ленгірде кәріз тазалау нысаны салынуда

Oinet.kz 20-06-2023 231

25.jpg

Қазақстанда азаматтардың негізгі қызметтерге теңдей қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдай мен көлік байланысын жақсарту мақсатында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері» Ұлттық жобасы құрылған болатын. Жобаның бірінші бағыты – инфрақұрылымды кешенді дамытып, сапалы әрі жайлы тұрғын үйлердің қолжетімділігін арттыруды көздейді.

Осы мақсатта Төлеби ауданы, Ленгір қаласында №3 кәріз тазалау нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталған. Жоба құны 2,6 млрд. теңгені құрайды. Нысан құрылысы 2024 жылға өтпелі. 

Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда 3,8 шақырым траншея қазылып, диаметрі 280 мм құбыр тартылып, нысан басына 4,6 шақырым құбыр жеткізілді. 

Жаңа кәріз жүйесіне І мөлтек аудан аумағындағы барлық көпқабатты тұрғын үйлер, коммерциялық нысандар, қызмет көрсету орталықтары қосылып, мәселе түбегейлі шешімін табады деп күтілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін тазаланған шайынды суды кәріз орналасқан 7 мың текше метрді құрайтын екі фильтрлік алаңға жинақтап, шыққан суды егістік алқаптарына жіберу жоспарлануда.


Түркістанда ерекше зауыт салынады
Жайылым тапшылығын жою-басты назарда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу