Түркістанда ерекше зауыт салынады
Түркістан облысының аумағында «Тау-кен металлургия кешеніне арналған ауыр жабдықтар өндіретін зауыт салу» жобасын іске асыру жоспарлануда. Құны 7 млрд. теңгелік инвестициялық жоба тұрақты түрде 100-ден аса адамды жұмыспен қамтымақ. Жоба 2023-2024 жылдар аралығында жүзеге асады деп көзделіп отыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров пен «PSI Group» ЖШС-нің өкілі Павел Беклемишев екі жақты меморандумға қол қойды. Меморандум шеңберінде жобаны бірлесе жүеге асыру қарастырылған.
Айта кетейік, аталмыш компания-инженерлік жобалау мен материалдық-техникалық жабдықтаудан бастап өнеркәсіптік объектілерді салумен айналысады. Сондай-ақ тау-кен өнеркәсібін, энергетиканы, металдар мен мұнай мен газ саласы, нарықтың негізгі секторлары үшін металл конструкциялары мен модульдік қосалқы станцияларды дайындауға бойынша кешенді қызметтер көрсетеді.