Кентау: Көпқабаты үйлерді жөндеу басталды

Oinet.kz 17-06-2023 217

7.jpg 

Елімізде 2021 жылы қабылданған  «Қуатты өңірлер ел дамуының драйвері Ұлттық жобасы аясында базалық қызметтерге халықтың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ көліктік байланысты қамтамасыз ету және елдің көліктік-транзиттік әлеуетін жоғарылату есебінен азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құру көзделіп отыр. Осы бағытта Кентау қаласында бірқатар жұмыстар қолға алынып отыр. 

Кентау қаласында көпқабатты тұрғын үйді жөндеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

 Бұған дейін 2014-2021 жылдары аралығында 211 көпқабатты тұрғын үйлердің шатыры, кіреберістері, қасбеті, жертөледегі инженерлік жүйелері толығымен жаңартылған болатын. 

Жалпы, Кентауға қарасты ауылдарда 376 көпқабатты тұрғын үй бар. Кезең-кезеңімен осы баспаналарды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.

2023 жылға Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында 55 көпқабатты тұрғын үйлерде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында республикалық бюджетті қалыптастыру барысында 1,57 млрд. теңге қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі таңда аталған көпқабатты тұрғын үйлерде күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Атап айтқанда, көпқабатты тұрғын үйдің шатыры, кіреберістері, қасбеті, жертөледегі инженерлік жүйелері толығымен күрделі жөндеуден өтетін болады.


Түркістан облысында үш жылда 96 мектеп салынады
Жартытөбенің жолдары 100 пайыз асфальтталады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу