Түлкібаста 7 мың гектар жайылым халыққа қайтарылады

Oinet.kz 10-06-2023 197

47.jpg

Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуовтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық мәжілісте аудандық бюджетің игерілуі мен салық түсімдері және индикаторлық көрсеткіштердің орындалу барысы пысықталды. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызмекті хабарлады. 

Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат қызметкерлері, дербес бөлім басшылары, ауыл әкімдері және полиция қызметкерлері қатысты.

Аудан бойынша жалпы жер көлемі – 227 504 гектар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі – 148 579 гектар, ауыл шаруалығы алқаптарының жер көлемі – 128 270 гектар. Аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімінің басшысы Ж. Керімқұлов өз баяндамасында биылғы жоспарға сәйкес елді-мекеннің ортақ жайылымына 7000 га жайылым жер учаскесі қайтарылатынын мәлімдеді. 

Сонымен қатар, елді-мекендерді абаттандыру, көкалдандыру, жол бойындағы үйлердің қасбетін әктеп-сырлау және оларды күтіп ұстау жөнінде А. Нұрлыбай мен А. Мусралиевтың баяндамалары тыңдалып, жұмысты жандандыру мәселелері талқыланды. 

Аудан басшысы Нұржан Жақсылықұлы осы жұмыстардың атқарылу кезеңіндегі олқылықтардың көзін жойып, аталған мәлеселерді тез арада шешуді, тазалық сақтау шаралары бойынша халыққа үгіт-насихат жұмыстары жүргізіп, әр апта соңында сенбілікке шығуды жауапты бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне тапсырды.


Мақсат -мемлекеттік қызметке білікті жастарды тарту
Сайрам: Жаңа әкім проблемалық құрылыс нысанында болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу