Биыл Түркістанда 23 көшеге асфальт төселеді
2021 жылы қабылданған «Қуаттың өңірлер-ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасының екінші бағыты көліктік байланыстылықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұл бағыт 2 міндетті қамтиды: ішкі көлік желісін дамыту және аумақтардың сыртқы байланыстылығын арттыру.
Бұл жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар жолдардың үлесін 100%–ға дейін және жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесін 95%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Биыл осы мақсатта Түркістан қаласында 34 шақырым құрайтын 23 көшеге асфальт төсеу жоспарланған. Бүгінде жоспар аясында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, шаһардың Ақниет, Бәйшешек көшелеріне, сондай-ақ, Ақниет - Ертөстік көшелері аралығындағы жолға, Т.Дүйсебаев, Ерқосай батыр, Барақ сұлтан, Ақтайлақ, Жиделібайсын көшелеріне асфальт төселді.
Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тас төсеу жұмыстары 2023 жылы 89,6 шақырым құрайтын 94 көшеге жүргізіледі. Соңғы көрсеткіштер бойынша жыл басынан бері 56 шақырымды 65 көшеге тас төселді.
Аталған жұмыстар халық көп шоғырланған алты сектордың алғы тізіміндегі көшелерге жүргізілді.