«Жайлы мектеп»: Ордабасыда 5 нысан салынады

Oinet.kz 02-06-2023 275

58.jpg

Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов бекітілген кестеге сәйкес Қажымұқан ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы аталған аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Кездесуде аудан басшысы жыл басынан атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып, алдағы жоспарлар туралы баяндады. Жиын соңында тұрғындар тұрғын үй, жол, ағын су, жер және т.б.мәселелер бойынша сауалдарын қойып, олар хаттамаға түсірілді және тиісті сала мамандары бірқатар тапсырмалар арқалады. Кездесуден кейін аудан басшысы бірқатар тұрғынды жеке мәселелерімен қабылдады. 

Қазіргі таңда Қажымұқан а/о қарасты Амангелді, Ынталы ауылдарында газдандыру жұмыстары жүргізіліп, олар шілде айында толық аяқталатын болады. Қос ауылдың тұрғындары толықтай келісім шартқа отырып, бірқатары үйлеріне газ құбырын өткізіп үлгерген. 

Аудандық бюджеттің есебінен Амангелді ауылындағы Нұрлы жол, Парасат көшелеріне, Ынталы ауылындағы Ұ.Бейсенов көшесіне электр желісі жүргізілді.

2023 жылы “Оңтүстік жарық” мекемесінің инвестициялық бағдарламасымен Көктөбе ауылында, Темірландағы Абай көшесінде, Айбергенов көшесінде түрлі ұзындықта (шақырым) электр желілері тартылады.

2023 жылы Қызылсеңгір ауылындағы Қалмұрзаев көшесі орташа жөндеуден өткізіледі, Қ.Төлтаев көшесіне тас төселеді.

Ал, Көктөбе ауылындағы Райымбекұлы, Бәйтерек, Балбұлақ көшелері орташа жөндеуден өткізіледі. С.Әбдиев көшесіне жарықтандыру құралдары орнатылады. Атамекен, Иканбаев көшелеріне тас төселеді. Амангелді ауылындағы Егемендік көшесіне де тас төселмек. 

Темірлан ауылындағы Қажымұқан көшесіне, Қажымұқан ауылындағы Исаханов көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Ынталы ауылындағы Сәулембаев, Рахымбаев, Кәлпе, Имамбай көшелерін де орташа жөндеуден өткізу жоспарлануда.

Боралдай елді мекенінде Ықылас көшесіне тас төсеу жоспарланған

Сондай-ақ осы жылы Темірланның ішкі көшелеріне ирригациялық жүйелер орнату, “Самал” м/а, Рысқұлов көшесіне, балалар ойын алаңшасын жасау, “Ана мен бала” аллеясын” салу Конституция, Уалиханов көшелерін абаттандыру жоспары тұр.

Темірландағы 70 Га аумаққа инженерлік-инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстары да қызу жүруде.

Темірландағы 250 орындық спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы бастау алды.

“Жайлы мектеп” Ұлттық жобасымен ауданда 2023-2025 жылдары 5 мектеп бой көтерсе, біреуі Темірлан е/м салынатын болады.


Ордабасы: Бірнеше ауылға биыл газ келеді
Министр Түркістанда Полиция департаментінің жаңа ғимаратын ашты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу