Сайрам: Күн тәртібінде -көгалдандыру
Түркістан облысы Сайрам ауданында көгалдандыру, абаттандыру мәселесі қатаң қадағалануда. Аудан әкімдігінде аппараттық мәжілісінде осы мәселелер қаралды. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары М.Оразалиев төрағалық еткен жиында Сайрам ауданындағы елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, жол бойындағы үйлердің қасбеттері мен қоршауларын ретке келтіру және өзге де мәселелер қаралды.
Бірінші кезекте аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Бейсембаев облыс әкімінің төрағалығымен 2023 жылғы 5 маусымда өткен аппараттық мәжілісте берілген тапсырманы орындау жоспарына тоқталды.
Келесі кезекте аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Б.Моминжанов аудан бойынша жол бойындағы үйлердің, кәсіпкерлік мақсаттағы нысандардың және қоршауларын ретке келтіру, елді мекендерді бей-берекетсіз өз бетінше салынған заңсыз құрылыстарға, орталық көшелердің сәулеттік келбетіне кері әсер етіп отырған нысандарға жасалған талдау жұмыстары мен нәтижесі бойынша қысқаша мәлімет берді.
Күн тәртібінен бөлек, Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі М.Баймбетов суға шомылу маусымының басталуына байланысты судағы қауіпсіздік шараларын айтты. Олардың ішінде аудан аумағында рұқсат етілмеген, шомылуға тыйым салынған орындарда арнайы белгілер орнатып, шомылу орындарына кезекшіліктерді ұйымдастыру, шомылу маусымында суға кету фактілерінің алдын-алу, арнайы және ресми халықтың шомылатын орындары жоқ елді мекендерде модульді-каркасты бассейндер ұйымдастыру мүмкіндіктерін заң аясында қарастырудың қажеттілігін түсіндірді.
Аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев облыс әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында барлық ауылдық округтерін аралап, атқарылатын жұмыстарды бақылауға алуды ұсынды.
Жиын соңында Мадияр Мұхтарұлы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын басқаратын басшы түзілген іс-шаралардың орындалу барысын келесі аптада кеңінен баяндауды, шомылу маусымында су қауіпсіздігін сақтау шараларын жүргізуді, сондай-ақ бюджет қаржыларын жоспарға сай, уақтылы игеруді тапсырды.