«Ауыл аманаты»: Тұрғындарға жеңілдетілген несие беріледі
Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, «AMANAT» партиясы «Ауыл аманаты» жобасын қолға алған болатын. «Ауыл аманаты» жобасының басты мақсаты – ауылды жерлердегі халықтың табысын арттыру. Бағдарлама 2023-2025 жылдарға арналған және 2023 жылдан бастап тұрғындарға жеңілдетілген беріледі деп жоспарланған. Бұл туралы Кентау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен аталған бағдарламаның ауыл тұрғындары арасында жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстарының барысы тыңдалды. Ол бойынша қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Т.Сүлейменов баяндады.
«Ауыл Аманаты» бағдарламасына алдыңғы кезекте Кентау қаласы бойынша 2 ауыл, яғни Хантағы және Қарнақ ауылдары енген. Бүгінгі таңда құрылған жұмысшы топ тарапынан «Ауыл Аманаты» жобасына енген ауыл тұрғындарына бағдарлама басталғаннан бүгінгі күнге дейін бірнеше кездесулер өткізіліп, толық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде», деді бөлім басшысы.
Несие алуға ниетті ауыл тұрғындарының кейбірінің құжаттары жағынан кемшіліктер орын алып жатқандығы анықталды. «Мемлекет тарапынан ауылшаруашылықты дамытуға бағытталған қолдаудың шапағатын ауыл тұрғындары көруі қажет» деген қала басшысы, тұрғындардың құжаттарын реттеуге тиісті сала басшыларына бағыт беру жайын тапсырды.
Айта кетейік, мемлекет басшысы өзінің сайлауалды бағдарламасында ауылдағы өмір сүру деңгейін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударған болатын. Бүгінде, бүкіл Қазақстан бойынша Үкімет AMANAT партиясымен бірлесіп, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға және проблемаларын жедел шешуге мүмкіндік беретін "Ауыл аманаты" жобасына жүзеге асыруда.
Сондай-ақ, Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды.
Бірінші мәселе бойынша қала аумағындағы тұрғын үйлердің орталықтандырылған табиғи газ жүйесіне қосылу жұмыстарының барысы туралы қалалық газ қызметі КММ директоры А.Әміртаев баяндап өтті.
Кентау қаласы және оған қарасты ауылдардағы тұрғын үйлерді газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда, қала бойынша абонентерді газға қосу жұмыстары жыл соңына дейін 52% жеткізу тиіс. Қазіргі таңда қала бойынша жалпы 18000 абоненттің 2643 абоненті табиғи газ жүйесін қолданып отыр. Қаланы газдандыру бойынша мамыр айының соңына дейін 21% (3780 абонент) жеткізу жоспарланған.
«Мекеме тарапынан қазіргі таңда мердігер мекемелермен бірігіп көпқабатты пәтерлерде газдандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. екі қабаттан асатын көп пәтерлі тұрғын үйлерде сұйытылған мұнай газын сақтауға және пайдалануға тыйым салынатындығы туралы заңға сәйкес қала тұрғындарына толықтай ескертулер берілуде, дегенмен қайта тексеру жұмыстары барысында бірнеше пәтерлерде газ балондары анықталды. Кейбір тұрғындар табиғи газ жүйесіне қосылмауын, сұйытылған пропан газ балондарын қолдануын тоқтатпайтындығын айтуда» дейді мекеме басшысы.
Екінші мәселе бойынша қала аумағындағы аялдамаларды ретке келтіру жұмыстарының барысы туралы «Жасыл қала» КММ-нің басшысы Махсут Гайруллаев мәлімет берді.
Биыл ағымдағы жылы қалада 37 аялдама жаңартылатынын атап өтті. Жалпы, қалада 66 аялдама бар.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы С.Төлегенов 4-5мамыр күндері болған дауылды желдің салдарынан орын алған жағдайлар бойынша баяндады.
Баяндамашыларды тыңдаған қала басшысы жұмыс барысында орын алған келеңсіздер мен жұмыстың баяу жүріп жатқанын сынға алды. Мәселен, тұрғындарды газға қосу жағдайында түсіндіру жұмысын белсенді жүргізуді, жыл соңына дейін белгіленген көрсеткіштегі тұрғындарды газға қосу қажеттігін тапсырды. Қандай да бір құрылыс жұмысы жүргізілген кезде, сапасына мән беру керектігін атап өтті.