Ордабасы: Жас кәсіпкерлерге қолдау көп

Oinet.kz 03-05-2023 227

27.jpg

Түркістан облысы Ордабасы  ауданының әкімі Нұрбек Бадырақовтың төрағалығымен аппараттық мәжілісте елді мекендерді газдандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен орын алған кемшіліктерді түзету, жастарды жеңілдетілген несиелендіру мәселелері қаралды. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы Ермұхаммед Құралбеков осы жылы 18 елді мекеннің табиғи газбен қамтылатындығын, одан бөлек 13 елді мекенге ЖСҚ әзірленетіндігін жеткізді. Сондай-ақ, газ тарту жұмыстарында орын алған кемшіліктердің (траншеялардың, құбырлардың өлшемдері, бетондау жұмыстарының сапасыздығы және т.б.) мердігерлер тарапынан ретке келтіріліп жатқандығын тілге тиек етті. 

Өз кезегінде аудан басшысы барлық кемшіліктерді мерзімінде аяқтап, тамыз айының соңына дейін дайын болған елді мекендерге газ беру керектігін, тұрғындармен келісім-шартқа тұру жұмыстарына кірісуді тапсырды. 

Екінші мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Қарлыға Абитаева баяндама жасап, жастарды шағын несиелеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Орталық жетекшісінің айтуынша биыл 27 жасты несиелендіру жоспарланған (микрокредит мерзімі - 5 жыл, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін мерзімі - 7 жыл, несие сомасы - 5 млн.тг., пайызы -2,5%, кепілмен). Алайда, 8 адамнан ғана өтініш келіп түскен. 

Аудан әкімі жастарға кәсіп бастау үшін жан-жақты қолдау көрсетілетіндігін айтып, кәсіпкерлік бөліміне, ауыл әкімдеріне, ішкі саясат (Жастар орталығына) және жұмыспен қамту орталығына бірлесіп жұмысты жандандыруды, аталған бағдарламаға әр ауыл округтен кемінде  5 жастың қатысуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ комиссияның қорғауына баратын жобалардың сапалы болуын тапсырды.


Кәсібін грантпен бастаған фермер
«Ауыл аманаты»: Түркістанға 11 миллиард теңге бөлінді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу