Жетісайда өндірістік жобалар жүзеге асуда

Oinet.kz 01-06-2021 972

10.jpg

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан 2050» Стратегиясында:  

-Біз экспортқа бағытталған шикізаттық емес секторды кеңейтуге негізделген жаңа өндірісті дамытуға тиіспіз. Біз Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын өнеркәсіптік қуаттарды импорттауға және технологиялар алмасуға бағыттауға тиіспіз. Бұл үшін бізге бірлескен халықаралық компаниялар мен ел үшін пайдалы серіктестіктер құру мен дамытудың кіші бағдарламасы қажет» деген болатын.

Түркістан облысында бүгінде елдің өнеркәсіптік қуатын арттыратын біршама жобалар жүзеге асуда. Жетісай ауданында құрылған индустриалды аймақта ағымдағы жылы «Adal Agro Group» ЖШС-і жалпы құны 2,8 млрд теңгеге жылына 9 мың тонна өнім өндіретін «Сиыр етін өңдеу цехының» құрылысын бастайды. Сондай-ақ, биыл тәулігіне 30 тонна ет өндіретін аталған серіктестіктің «Құс фабрикасының» құрылысы жүреді. Сонымен қатар, серіктестіктің жалпы құны 7,6 млрд теңгелік «Жүгеріден крахмал-сірне өнімін және лимон қышқылының өндірісі» жобасын іске қосу жұмыстары жүреді. Бұл туралы Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек мәлімдеді.

Оның айтуынша, аудандағы өңірлік өнім көлемі биыл 4 айда 11 млрд 421,5 млн теңгені құраған.

«Жетісай ауданындағы өнеркәсіп өнімінің көлемі биыл қаңтар-сәуір айлары бойынша 1 млрд 882,1 млн теңгеге жетті. Аталған кезеңде негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 1 млрд 177,2 млн теңгені құрады. Ал шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім көлемі 3,6 млрд тенге. Сондай-ақ, 2021 жылдың 4 айында 5 млрд 756,3 млн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген», - деді Мұрат Болатұлы.

Инфрақұрылыммен қамту бойынша аудандағы қала, кент және ауылдық округтерге қарасты 113 елді мекенің 103-і орталықтандырылғын ауыз сумен қамтылған. Ал газдандыру саласында 113 елді мекеннің 54-і газбен қамтылған, бұл аудандағы елді мекендердің жалпы санының - 47,7%. Сонымен қатар, аудандағы ішкі көшелердің жалпы ұзындығы 899,1 шақырым, оның ішінде 661,1 шақырымы – асфальт, 227 шақырымы – шағал тас, 11 шақырымы – топырақ жол. 2021 жылы субвенция және жергілікті бюджет есебінен бөлінген 445 млн теңгеге жалпы ұзындығы 25,7 шақырымды құрайтын 32 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.


Келесте Африка жайыны өсіріледі
«Бақытты балалар-бейбіт елдің тірегі»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу