«Farab»-та 250 мыңнан астам кітап қоры бар

Oinet.kz 15-04-2021 546

7.jpg

Түркістан қаласының дамуы мен көркеюіне Қазақстанның бірнеше қалалары мен облыстары да атсалысуда. Облыс орталығы болғалы қалада бой көтерген теңдесіз нысанның бірі – ғылыми-әмбебап «Farab» кітапханасы. Қоры 250 мыңнан астам кітаптан құралған білім ордасы заманауи техникалармен жабдықталған. Оқу залы 400 орындықты қамтиды. Азаматтардың адами капиталын дамытуда кітапхана қоры жаңартылып тұратын болады.

Шымкент қаласы тарту еткен кітапхана үш қабаттан тұрады. Бірінші қабатта Fab-lab орналасқан. Онда оқырмандар бір-бірімен кездесіп, бас қосуына болады. Екінші қабат түрлі студиялар, шеберханалар мен қолөнер дүкендері бар. Мұнда кітапқұмар қауымның шабыттанған дүниелерін, жаңа идеяларын жүзеге асырып, өз қолымен жасап шығаруына жағдай жасалған.

Ең жоғарғы үшінші қабат әлем және қазақ ақын-жазушыларының, ғұлама-ғалымдарының еңбектері, күнделіктері, естеліктерімен толықтырылған. Ал, кітапхананың ең төменгі қабатында ғылыми-зерттеуге барлық жағдай жасалған. Өте сирек кездесетін кітаптар мен монускриптілердің қоймасы бар бұл ғимаратта құнды дүниелерді қайта қалпына келтіріп, цифрландырып сақтап қалуға болады.


"Amazing Turkistan” арқылы бәрін білуге болады
«Әзірет Сұлтан» арнайы жобамен жарықтандырылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу