«Болашақпен» білім алғысы келетіндер көп

Oinet.kz 15-04-2021 518

1.jpg

Түркістан облысында  «Болашақ» бағдарламасы аясында 100-ге жуық мұғалім мен дәрігер өтінім білдіріп, тест тапсырған. Олар алдымен қазақ тілі, психологиялық тест және онлайн тілдесу арқылы 3 кезеңнен өтті. Нәтижесінде, екі азаматтың бағы жанып, тәжірибесін болашақта туған жерінде, өз қызметінде қолданады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Түркістан қалалық орталық ауруханасының хирург маманы Абай Түймебаев пен Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының хирургі Бауыржан Оспанов Израильдің Хайфа қаласындағы оқу орнында білімін жетілдірмек. Олар алдағы апта ішінде жол жүріп, 3 ай білім алатын болады.

Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы «Болашақ» бағдарламасы арқылы білім алу мүмкіндігіне ие болған грант иегерлерін қабылдап, сәттілік тіледі.

«Қазақстан 2050» Стратегиялық бағдарламасындасында  1993 жылы қабылданған «Болашақтың» әлемдегі  бірегей бағдарлама екендігі, соның арқасында мыңдаған талантты жастың әлемнің таңдаулы университеттерінде озық білім алғаны өте зор жетістік ретінде аталып өтілді. Бұл туралы Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев:

-Ширек ғасырдан бері еліміздің талантты жастарына қолдау көрсетіп келе жатқан «Болашақ» стипендиясы дүниежүзіне танылған қазақстандық брендке айналды. Біз сонау 1993 жылдан бері 13 мың жастың шетелде білім алуына жағдай жасап, олардың заман талабына сай білікті маман болуына жол аштық. Бүгінде «Болашақ» стипендиясымен оқып келген түлектер білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым және техника салаларында жүздеген ғылыми әзірмелер мен ірі жобаларды жүзеге асырып, зор жетістіктерге жетіп отыр,-деген болатын. 


Түркістан: туристердің саны 5 миллионға жетеді
Екпе салдырғандардың саны артып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу