Түркістан облысының ауыл шаруашылығында 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Oinet.kz 29-08-2020 606

3331.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығы саласын қарқынды дамытып, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында үш негізгі бағытты дамытуға басымдылық беріліп отыр.

Бірінші бағыт – агроқұрылымдарды ірілендіре отырып, өндіріске заманауи озық технологияларды енгізу. Бұл бағыт бойынша жұмыстар «Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспарына» сәйкес жүргізілуде. Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптасыру жобасы аясында 1458 шаруа қожалықты 9 кооперативке біріктіріп, техникамен қамтамасыз ету және 11 мың гектар жерге жаңбырлатып суару технологиясын ендіру жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда, Кентау қаласындағы «Шаға» ауылдық округінде кооператив негізінде 886 гектарға жаңбырлатып суғару технологиясы ендірілді. Ол жерлерге күздік бидай, жүгері, жоңышқа егілді. Жыл соңына дейін жаңбырлатып суғару қондырғылары қосымша 976 мыңға жуық гектар жерге орнатылып, жалпы көлемін 2 мың гектарға жеткізу жоспарлануда.

Жалпы жоба аясында құны 29 миллиард теңгеге жуық қаражатты құрайтын 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Түркістан облысында бюджет есебінен планшеттер мен компьютерлер таратылады
Түркістан облысында бір алқаптан 2-3 өнім алу жобасы жүзеге асуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу