Сарыағаш ауруханасы 10 оттегі концентраторымен толықты

Oinet.kz 14-08-2020 601

76.jpg

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының орталық ауруханасына жомарт жандардың демеушілігімен 10 дана оттегі концентраторы табыс етілді. Бұл жолы игі іске ықпал болған "Шұғыла" қоғамдық қоры. Пандемия басталғалы ауданда аурудың алдын алу және жұқпалы індеттің таралмауы үшін көптеген жұмыстар жүзеге асуда.
Жібек жолы жастарының ұйытқы болуымен, Сарыағаш ауданының орталық ауруханасына келген қор өкілдері дәрігерлерге алғыстарын білдірді. Оттегі концентраттары коронавирус пен пневмония секілді дертті емдеуге қолданылады. Аппарат тыныс алуды қалыпқа келтіріп, жүрек пен өкпенің ғана емес, бауыр мен бүйректің жұмысын жетілдіреді.
Айта кетейік, бұған дейін аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен орталық ауруханаға демеуші азаматтардың тарапынан 100 төсек орын, 60 дана оттегі балоны, 15 дана оттегі концентраторы, ЭКГ аппараты, 20 тонометр, 29
  пульсоксиметр табысталған болатын.

Ал, "Шұғыла" қоғамдық қоры бұған дейін Төлеби ауданында да аудандық орталық ауруханаға осындай құрылғыларды табыс еткен болатын. Оттегі концентрарторларын медицина мамандары пневманияны емдеуде кеңінен пайдалануда.

Жастарға қызмет көрсететін мобильді топтар жұмысын бастады
Ордабасы ауданында демалыс орындары пайдалануға берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу