Келесте ахуал жақсарып келеді
Түркістан облысы Келес ауданындағы эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді. Қатерлі індеттің халық арасында таралуын болдырмау мақсатында ауданда бірқатар шаралар қолға алынып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Аудандық орталық ауруханадағы арнайы дайындалған обсервация орталығы 297 тәуліктік және 110 күндізгі төсек орынмен қамтамасыз етілген болатын. Жалпы бүгінге дейін орталықта 385 адам ем қабылдаған. Алайда, қазіргі таңда эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты орталықтағы төсек орын саны қысқартылуда.
Сондай-ақ, ауданда арнайы құрылған жұмысшы тобы карантиндік режим кезінде сақтық шараларының сақталып, талаптардың орындалуын қадағалау жұмыстарын жүргізіп келеді. Нәтижесінде төтенше жағдай кезеңінде карантиндік режимінің талаптарын бұзу бойынша 43 жағдай анықталған. Оның 40-на айыппұл салынып, 3 азамат 5 тәулікке қамалды.
Бұдан бөлек, аудан әкімінің өкімімен дәрілік заттардың шекті бағасының сақталуына мониторинг жүргізу жөнінде Штаб құрылып, 26 дәріхана иелерімен мемарандум түзілген.
Жалпы ауданда 2020 жылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша ауданда коронавирустық инфекциясын жұқтырған 27 адам анықталған. Оның 22-сі адам жазылып шықса, инфекциялық госпитальде – 2 адам; үй жағдайында – 3 адам бақылауда.
Ал, пневмония індетімен 670 адам ауырған. Қазіргі таңда Абай ауылындағы провизорлық орталықта 35 адам ем қабылдап жатыр. 14 күндік үй бақылауында 12 адам жатыр.
Айта кетейік, бүгінде ауруханада 8(72532) 3-04-12 номерлі жедел желі тәулік бойы жұмыс істеп тұр.