Тағы бір ауданда коронавирус шалдыққан соңғы пациент емделіп шықты

Oinet.kz 11-08-2020 535

63.jpg

Түркістан облысы, Шардара ауданында бірде-бір коронавирус науқасы қалмаған. Орталық ауруханасының инфекциялық бөлімінен бүгін соңғы емделуші жазылып шықты. Бұл туралы аталған емдеу мекемеснің бас дәрігері Нұрлан Нөсеров хабарлады.

Жалпы, Шардара ауданында коронавирус инфекциясын жұқтырған 43 науқас тіркелген. Бір адам созылмалы ауруларының асқынуынан қайтыс болды. Жазылып шыққан барлық науқастардың жағдайлары жақсы.

Атап өтерлігі, ауданда пневмония ауруының да азайғаны байқалады. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше,

40 адамға есептелген провизорлық орталық 20 төсек-орынға қысқарған. Науқастар жоспарлы емге қабылдана бастады.

Ал, Түркістан облысы бойынша 440 инфекциялық төсек-орны 2 есе азайды. 1941 провизорлық төсек-орынның 1020-сы қысқарды. 1136 төсек - орын науқастарды жоспарлы емге қабылдауға бейінделді. COVID-19 расталған науқастар саны - 3032. Бір күндік өсім 0,8 пайызды құрап, аурушаңдық төмендеді. Жалпы сауығып шыққандар саны – 2616. Яғни, жазылып үйлеріне оралғандар сырқаттанғандардың 86,2 пайызын құрайды.

Еске сала кетейік, пандемияның беті қайтқанымен карантин цәлі алынған жоқ. Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысында көрсетілген тәртіпті қатаң сақтау міндетті. Егер талаптар толығымен сақталар болса, ауру бұдан да азая түспек.

«Егістіктен сөреге дейін» жобасы Түркістан облысында жүзеге асады
Келесте ахуал жақсарып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу